КС судьялары мен қызметкерлері елордалық Ботаникалық саябақта ағаш отырғызды
«Бiрге - таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясы аясында Конституциялық Соттың судьялары мен Аппаратының қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордалық Ботаникалық саябақта ағаш отырғызды.
Қатысушылар барлығы 70 тен астам емен мен қарағаштың көшеттерін отырғызды.
КС Төрағасы Эльвира Азимова мұндай шаралар қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, біздің планетамызға қамқорлық жасаудың ортақ идеясы төңірегінде қоғамды біріктіретінін атап өтті. «Мұндай бастамалар жай ғана акция емес, бұл біздің жарқын ортақ болашақ құруға деген келісіміміз бен ұмтылысымыздың символы», – деп атап өтті Азимова.
#Birge #JasylQazaqstan
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -