Курчатов: қалалық инфрақұрылымды абаттандыру және жақсарту жөніндегі жоспарларды іске асыру
Курчатов қаласының әкімдігі жыл бойы аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша белгіленген жоспарларды іске асыруда. Аймақтың географиялық ерекшеліктерімен байланысты қиындықтарға қарамастан 2024 жылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.
2024 жылы көпқабатты үйлердің аулаларында қураған ағаштарды санитарлық кесу жүргізілді. «Қазцинк» АҚ демеушілік қаражатына 4 аула аумағы жөнделіп, асфальт жабыны төселді. Орындықтар мен 3 балалар ойын алаңдары орнатылды. Кепілдік міндеттеме шеңберінде 7150 шаршы метр жолдың шұңқырын жөндеу орындалып, жол таңбалары сызылды. Білім беру мекемелері жанына қажетті жол белгілері қойылды.
Бұдан бөлек Павлодар бағытындағы жолды қайта жаңғырту жұмысы басталып, 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Курчатов көшесіндегі жарықтандыру қайта жаңартылып, бағаналар мен шамдар ауыстырылды. Биыл «Ақылды қала» технологиясына көшу арқылы негізгі көшелерді жарықтандыруды толық жаңғырту жоспарланған.
Сондай - ақ, тұрғындар жиі бас қосатын «Құрылысшылар аллеясы» мен «Ақ балкон» күрделі жөндеуден өтті. Ертіс өзенінің жағалауының бір бөлігі қосымша абаттандырылып, балалар ойын алаңы орнатылды. Орталық саябақта балалар алаңы салынып, субұрқаққа жаңа сорғылар алынды. Ағымдағы жылы «Орталық» және «Жастар» саябақтарындағы жұмыс аяқталады. Көпқабатты 5 үйдің қасбеті сырланды. 2025 жылы тағы 5 ғимаратты жаңарту жоспарда тұр.
Сондай-ақ, биыл қалған 10 ауладағы жолдарды асфальттауды аяқтау, Ертіс өзенінің жағалауына дейін саябақты қайта жаңғырту және кеңейту, қаланың негізгі қиылыстарында бағдаршамдар орнату жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -