ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҮШ ГҮЛЗАР ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында 3 демалыс орны тұрғындар игілігіне берілді. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысандардың ашылу рәсіміне қатысып, тұрғындармен жүздесті.
Қала әкімі алдымен Шымкент май зауыты (МЖК) аумағындағы жаңарған нысанды аралап көрді.
Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га аумақтағы көне саябақ қайта жаңғырды. Жаңа нысанның ашылуы тұрғындарды ерекше қуанышқа бөледі. Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 шаршы метр заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт (тренажер, воркаут) алаңшалары, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылды. Аталған аумақта 2000-нан астам тұрғын бар.
Тұрғындар көне саябақтың қайта абаттанғанына ризашылықтарын білдіріп, қала әкіміне алғыстарын жеткізді. Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтарға қайта жаңарған саябақты күтіп ұстау қажеттігін, демалыс аймақтары одан әрі де көбейе беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, қала әкімі А.Диваев көшесінде, С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.
А.Диваев көшесінде орналасқан жалпы аумағы 0,31 га гүлзарда шынар, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды. Аталған аумақ жалпы 20 көпқабатты тұрғын үй мен 3300 адамды қамтиды. Құрылыс жұмыстары барысында 1031 шаршы метр аумаққа мәрмәрдан жасалған аяқжол салынған. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2 велотұрақ, ауызсу бұрқағы және фотоаймақ жасалды.
Қоғамдық ортақ пайдалану орындарын қалыптастыру мақсатында қолға алынған С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзардың аумағы – 0,2 га. Серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Сонымен қатар, гүлзарда көпжылдық гүлдер отырғызылған. Аталған аумақта халық тығыз орналасқан. Жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700-ден аса тұрғын бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -