Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады. Қадамдық алгоритм!: Жетісу облысы, 31 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады. Қадамдық алгоритм!

Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз не?

Қоғамдық мәселені шешетін немесе оның салдарын жеңілдететін бизнес Әлеуметтік кәсіпкерлік деп аталады. Оның пайдасы істі дамытуға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері 4-санатқа бөлінеді:

Бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:

мүгедектігі бар адамдарды;

мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;

зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);

балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

қандастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС, бұл ретте ӘКС қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құрауы (бірақ осындай санаттарға жататын екі адамнан кем болмауы), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құрауы шарт;

Екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;

Үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:

тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;

күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;

әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;

мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;

жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;

коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;

аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;

мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт;

Төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:

отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;

балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;

мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.

Қалай әлеуметтік кәсіпкер болуға болады?

ЖК, ЖШС және қоғамдық бірлестіктер мен қорлар әлеуметтік кәсіпкер бола алады. Ол үшін ӘК төрт санатының бірін таңдап, әлеуметтік жоба ретінде бір жыл жұмыс істеп, табыс көрсетіп, әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізу үшін құжаттар жинау керек.

Әлеуметтік кәсіпкерліктің барлық санаттары халықтың әлеуметтік осал топтарымен (ХӘОТ)жұмыс істейді:

зейнеткерлер мен зейнеталды жасындағы адамдар,

тұрғылықты жері жоқ адамдар,

нашақорлықпен емделген адамдар,

мүгедек балалардың ата-аналары мен қамқоршылары,

29 жасқа дейінгі балалар үйінің түлектері,

Бұрын бас бостандығынан айыру орнында болғандар,

мүгедектер,

жалғызбасты аналар, көп балалы аналар және аз қамтылған әйелдер,

қандастар.

Әлеуметтік кәсіпкер ретінде қалай саналады?

Әлеуметтік кәсіпкер деп санау үшін сіз осы шарттардың біріне сәйкес келуіңіз керек:

1) ХӘОТ қызметкерлерін жұмысқа қабылдау. Мұндай қызметкерлердің үлесі жалпы санның кем дегенде 50%, ал жалақы қоры пайданың кем дегенде 25% болуы керек.

2) ХӘОТ өндірген тауарлар мен қызметтерді сату. Мұндай сатудан түскен кірістер жалпы табыстың кемінде 50% болуы керек.

3) ХӘОТ үшін тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтер көрсетуге, мысалы, медициналық қызметтер көрсетуге, протездер жасауға, демалу мен сауықтыруды ұйымдастыруға және т.б. мұндай қызметтен түсетін табыс жалпы табыстың кемінде 50% - ы болуға тиіс.

4) қоғамдық пайдалы бағыттарда жұмыс істеуге, мысалы, әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілерді оқытуға, ХӘОТ қарттарына көмек көрсетуге, мектептерде балалар суицидтері, АИТВ/ЖИТС және т. б. тақырыптарында білім беру дәрістерін өткізуге.

Мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады?

Әлеуметтік кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау, жеңілдіктер алу үшін тізілімге ену керек. Тізілім-бұл қолданыстағы ӘК-тің электрондық дерекқоры, оның көмегімен мемлекет осындай ұйымдардың есебін жүргізеді.

Тізілімге қалай енуге болады?

ӘК төрт санатының бірін таңдап, құжаттар пакетін жинап, Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасына өтініш беріңіз.

Қалай өтініш беруге болады?

Өтініш беру үшін Сіздің бизнесіңіз тіркелген сәттен бастап кем дегенде бір жыл жұмыс істеуі керек. Өтінім мен құжаттар ЖК немесе ЖШС тіркелген жері бойынша Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына беріледі. Мұны онлайн және офлайн режимінде жасауға болады.

Өтінімдер тоқсанына бір рет қабылданады: 1 наурыздан 15 наурызға дейін, 1 маусымнан 15 маусымға дейін, 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін және 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін. Мерзімдерін gov.kz. сайтында, БАҚ-та, облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, сондай-ақ облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінің ресми сайттарында білуге болады.

Осыдан кейін комиссия өтінімді қарайды, әр үміткермен әңгіме жүргізеді және хаттамалық шешім қабылдайды.

Арнайы комиссия бас тартқан жағдайда өтінімді қайта беруге болады.

ӘК қолданыстағы қолдау шаралары?

"Даму" қорынан жеңілдікпен кредит беру:

инвестициялық мақсаттарға — 1,5 млрд теңгеге дейін

айналым қаражатын толықтыруға — 500 млн теңгеге дейін.

Мемлекеттік гранттар 5 млн теңгеге дейін.

Қаржылық емес қолдау-ақпараттық көмек, іскерлік байланыс орнату, оқыту, т. б.

Мемлекеттен жалдау ақысы төмен үй-жайлар мен мүлікті алу.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша кеңес алу үшін Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына 8(7282) 32-93-92 (87472100700) телефон нөмірлері арқылы жүгінуге болады.

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар