«Ломбард СФП» ЖШС лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қарағанды қаласы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 ж. 23 қыркүйектің №18 бұйрығына сәйкес «Ломбард СФП» ЖШС-ның (бұдан әрі – Ломбард) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы қолданысы 3 айға мерзімге тоқтатыла тұрды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу тоқтата тұруға негіз болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы (ломбард) микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Ломбардтың клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Ломбард алдындағы міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапты болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -