ҰЛТ ҰРАНЫ - ҰЛЫТАУ
Республикалық дәстүрлі фестиваль - «Ұлытау үні» аясында аламан айтыс өтті. Өнер додасында Ұлытау және Қостанай облысының ақындарынан құралған қос команда тартысты.
Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған командалық сайыс «Қайым айтыс», «Қыз бен жігіт айтысы», «Жыршы», «Термеші», «Түре айтыс», «Сүре айтыс», «Әнші», «Күйші» сынды кезеңдерден тұрды.
Ұлытау облысының намысын Төлеген Жаманов, Сағынбай Мәлібеков, Сырым Нығызбай, Бекзада Достиярова, Өміржан Көпбосын, Ардақ Мұқыш, Думан Саматұлы, Жалын Сыздықов қорғады.
Ал Қостанай облысынан Айбек Қалиев, Абзал Алпыс, Айбар Рағатов, Данияр Рысбеков, Жібек Шаһмардан, Манапбек Кәдіров, Батырлан Сағынтаев, Қыдырбек Қиысқанұлы атты ақындар өнерлерін ортаға салды.
«Отан» орденінің иегері, ұлық өнер жанашыры Жүрсін Ерман төрағалық еткен қазылар алқасының шешімімен ұпай саны 192 де 193 болып, командалық айтыстың келесі кезеңіне Қостанай облысы жолдама алды. Айта кетейік, командалық айтыс ел көлемінде өтуде.
Нәтижесінде, күйші, жыршы, термешілерге 250 мың теңгеден, ақындарға 500 мың теңгеден қаржылай сыйақылардың сертификаттары берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -