Ұлттық аккредитация орталығы ILAC және IAF-тың Берлиндегі Бас Ассамблеясында
Ұлттық аккредитация орталығының (ҰАО) қызметкерлері Германияда өтетін аккредитация саласындағы жылдың басты оқиғасына — зертханаларды аккредитациялау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық (ILAC) және Халықаралық аккредитация форумының (IAF) бірлескен отырысына, сондай-ақ осы жаһандық іс-шара аясындағы бірқатар іс-шараларға қатысуда.
ILAC және IAF Бас Ассамблеясы барысында Ұлттық аккредитация орталығының өкілдері маңызды іс-шараларға қатысады, оның ішінде IAF-тың инспекциялық органдар жөніндегі Техникалық комитетінің отырысына қатысып, ISO/IEC 17020 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін әртүрлі органдардың жұмысына қойылатын талаптар» стандартына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар талқыланады. Сондай-ақ, парниктік газдардың шығарылуын валидациялау және тексеру аккредитациясына қатысты жаңа тәсілдер мәселесі қаралады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күрес тұрғысынан өте маңызды. Бұдан басқа, ҰАО делегаттары осы халықаралық ұйымдардың толық құқылы мүшелері ретінде аккредитация бойынша маңызды мәселелер бойынша дауыс беруге қатысады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -