ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Жезқазғанда нейро-ортопедиялық кемшіліктері бар балаларға арналған «QH» мемлекеттік оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Дастан Рыспеков, «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму департаментінің басшысы Медет Дүйсенбеков қатысты.
Жаңа орталық 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған және жыл сайын 600 баланы қабылдай алады. Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кішкентай пациенттер үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Көрсетілетін көмекті жоғары деңгейін ұстап тұру мақсатында, орталықта көпсалалы топ құрылды, оның құрамына дәрігер-неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары, дефектологтар, еңбек терапевттері, психологтар жұмыс істейді.
Мамандарды оқыту бірнеше кезеңде, соның ішінде шетелдік тәлімгерлерді тарта отырып жүргізіледі. Мамандар тобын дайындау Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен жүргізілді.
«Қамқорлық» қорының орталықтары әлемдік брендтердің сараптамалық сыныбындағы заманауи медициналық оңалту жабдықтарымен жабдықталған. Орталықты жарақтандыруды жобаның бас серіктесі «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырды.
Айта кетейік, оңалту орталығы Жезқазған қ. Абай көшесі-3 мекенжайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін қызмет көрсетпек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -