ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰЛТҚА МҰРА, ҰРПАҚҚА ҚАЗЫНА
Жеңіс күні - бейбіт күннің бастауы, тарих төрінен орын алатын айрықша дата. Ұрпақ үшін ұлы мереке саналатын атаулы күнде Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті депутаттары, облыс активі, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар өкілдері Ұлы Жеңіс жолында құрбан болған азаматтарды еске алып, рухына тағзым етті.
Сондай-ақ жиналған қонақтар бабаларды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Жиналғандар алдында Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Қадыр Үңгітбаев сөз сөйлеп, ата-бабамыздың жанқияр ерлігі - ұрпақ тағзым етуі тиіс мұра екенін атап өтті.
Ұлы Жеңіс күніне арнайы тағзым ету іс-шарасында «Шалқыма» ансамблі «Мәншүк» биін, Жезқазған музыкалық колледжінің хоры «Жеңіс күні» әнін ортаға салды.
Айта кетейік, өкінішке орай қазіргі уақытта Ұлытау облысында бейбіт күнді жақындатқан көзі тірі ардагер қалған жоқ. Алайда, сұрапыл жылдары еңбекке жараған 487 тыл қызметкері мен сол уақытта кәмелетке толмай тұтқынға түскен 3 азамат тұрады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -