МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резерві мүшелерімен кездесті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру бағытында резервшілердің әлеуетін одан әрі қолдану және өзара іс-қимыл жасау шаралары талқыланды.
«Жолдауда қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің өзгергені, мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналғаны және мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделі қалыптасқаны, олар жауапкершілікпен, проактивті, ашық және тиімді жұмыс істей бастағаны айтылды. Бұл мемлекеттік қызметшілер үшін алдағы уақытта да ашықтық, әділдік қағидатын ұстанудың маңыздылығын көрсетеді», - деді Агенттік төрағасы.
Резервшілер Жолдаудағы маңызды бағыттар бойынша көтерілген мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті. Олар алдағы уақытта мемлекеттік қызметті дамыту шараларына ат салысып, бірлескен жұмыстар атқаруға дайын екендіктерін білдірді.
Атап өту керек, Президенттік жастар кадр резервіне өткізілген үш іріктеу нәтижесі бойынша қабылданған 400 адамның 307-сі, яғни 77 % бүгінгі күні түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқаруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -