ІІМ-де интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтылды
ІІМ-де интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтылды.
– Ақпараттық технологиялар мен онлайн-қызметтердің дамуымен интернетте ақпарат қолжетімді. Бұл интернеттегі алаяқтыққа әкелуде. Соңғы жылдары бұл жиі жасалатын қылмысқа айналды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Мысалы, Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Қаскөй 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды.
Ер адам “кардингпен”, яғни банк карталарының деректемелерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан.
Қазір фигурант ұсталып, сотталды.
– Шымкенттік алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 млн теңге жинаған. Алаяқ ұсталды. Қамауда, – деді Қанат Нұрмағамбетов.
Ведомство киберқылмыстарға қарсы күресті жүйелі түрде жүргізеді.
Сәуір айында Украинаның Одесса және Запорожье қалаларында өткен халықаралық арнайы операция барысында бес алаяқтық call-орталық жойылды. Қаскүнемдер қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған. 30-дан астам күдікті ұсталды, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Қыркүйек айында жедел іс-шараларды өткізу кезінде Алматы қаласында төрт call-орталық жойылып, 47 шетелдік ұсталды. Олар шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты алаяқтықпен айналысқан. Тергеу шаралары жүргізіліп, тәркіленген техника тексеріліп жатыр.
– Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді полиция полковнигі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -