Мақаншы ауданында 4 мал қорымының құрылысы жүріп жатыр
Мақаншы ауданына қарасты Көктерек, Қаратал, Қарабұлақ, Қарабұта ауылдарында мал қорымдарының құрылыстары жүруде. Мердігер – «СемСтройПут» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі - 3 ай. Бүгінгі таңда жалпы жұмыс көлемінің 50 пайыздан астамы аяқталған.
«Бұл біздің ауыл үшін маңызды құрылыс.Себебі санитарлық талаптар сақталып, мал өлекселері арнайы орындарда өртелетін болады», - дейді Қарабұта ауылының тұрғыны Сағыныш Тұрғынбек.
Мердігер мекеме өкілдері аталған жұмыстарды белгіленген мерзімінде аяқтайтынын айтып отыр. Бұл жобалардың жұмыс барысы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -