Мақаншы ауданында 9 медициналық нысан бой көтермек
2024 жылы Мақаншы ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 9 нысанның құрылысы басталмақ.
Мақаншы ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталуда. Болашақта медициналық нысанда күндізгі емдеу стационары, зертхана және әйелдерге арналған консультация пункті болады. Ауыл тұрғындары күнделікті ем қабылдау үшін барлық жағдай жасалмақ.
Қарабұлақ, Келдімұрат ауылдарында да дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары жоспарда бар. Ал, Ақшоқы, Бекет, Көктал ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пунктер салынады. Сонымен қатар, Барлық-Арасан, Қызылбұлақ, Қайыңды ауылдарында медициналық пунктері бой көтереді. Жоба аясында іске асып жатқан іс-шаралар халықтың денсаулығын сақтауға және өмір сүруін жақсартуға өз үлесін қоспақ.
Құрылыстардың мердігерлері – «Алау» ЖШС мен «Строительная компания EMAAR» ЖШС.
Фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер осы жылдың күз айларында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Барлық жұмыстар кесте сәйкес орындалуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -