Маңғыстау облысы әкімінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Құрбан айт мерекесінің халық арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт күні адамдар құрбан шалумен қатар сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының рақымына бөленуге ұмтылады.
Бұл күндердің ұлықтығы сол - әрбір адам айналасындағы жақындарына қамқорлық көрсетуге, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, игі істер жасауға, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз, сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -