Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді
Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтауға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысады.
Әскери маневрлер «Оймаша» полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді.
8-17 шілде аралығында әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді.
Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылатын болады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді.
Оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды өткізу де қарастырылған. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, «Бағдар» тактикалық бағдарлау және армиялық тактикалық атыстар бойынша жарыстар өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -