Маңғыстау облысында денсаулығы жақсарған балалар үйлеріне қайтарылып жатыр
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, Мұнайлы ауданында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың жағдайы жақсарып келеді. Жалпы ахуал тұрақталды. Аудандағы емханаларда денсаулығы жақсарған оқушылар біртіндеп үйлеріне қайтарылуда.
Ал облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан екі баланың беті бері қараған. Жақын күндері жалпы палатаға ауыстырылуы мүмкін.
- Дер кезінде басталған емнің арқасында балалардың өміріне қауіп жоқ. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Төсек орын мен дәрі-дәрмек қоры толықтай жеткілікті,- деді МО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -