Маңғыстау облысында Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті
Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысының әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Іс-шараға комиссия құрамына кіретін мемлекеттік органдардың басшылары, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, әкімдіктің басқарма басшылары, өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде:
қала және аудандардың терроризмге қарсы комиссияларының атқарған жұмыстарының тиімділігі туралы қала және аудан әкімдерінің баяндамалары назарға алынды. террористік тұрғыдан осал (ТТО) объектілердің қорғалу деңгейін жетілдіру мәселелері қарастырылды.Аталған бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін тапсырмалар берілді.
Кездесу соңында күн тәртібінде өзекті мәселелер бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер мен өңірдегі діни ахуалды сауықтыруға бағытталған тиісті шаралар қабылданды.
Материал Маңғыстау облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -