Маңғыстау облысының әкімі жұмыс сапарымен Бекі ауылына барды
24 тамызда, сенбі күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданындағы Бекі ауылына барып, әлеуметтік нысандарды аралады.
Аймақ басшысы ең алдымен 1-қыркүйек күні пайдалануға берілетін мектепке барды. Білім ошағы 100 оқушыға арналған, мұнда 11 оқу кабинеті, 2 информатика, 1 лингафон кабинеттері, акт залы, спорт залы бар. Екі қабатты мектеп ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мүгедектер көтергіші орнатылған. Білім ордасының аумағы заманға сай абаттандырылып, спорттық алаңдар салынған. Мамандардың айтуынша мұнда 1-ші қыркүйектен бастап 62 оқушы білім алатын болады.
Мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерген облыс әкімі әрі қарай Бекі ауылының ақсақалдарымен кездесіп, ауылды дамытудың алдағы мақсат-міндеттері жайында пікір алмасты. Ауыл ақсақалдары елдімекенге балабақша қажеттігін, ауыз су мәселесін, ауыл ішілік жолдарды жөндеу, интернет байланысының сапасыздығын айтып, мәселе көтерді. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қажетті шаралардың ретімен жасалатынын айтып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -