Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Нұртас Сали болды.
Нұртас Сали «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы "Маңғыстау-Медиа" ЖШС контент-менеджері болып бастаған.
2014-2017 жылдары-Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы.
2017 жылдан 2019 жылға дейін Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы, 2019 жылдан 2022 жылға дейін ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, сәуір айынан бастап 2023 жылдың мамыр айына дейін Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болды.
2023 жылдан осы күнге дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -