Маңғыстауда отбасылық үлгідегі балалар ауылына су жаңа «Toyota Hiace» автокөлігі сыйға тартылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент әкімшілігінің қолдауымен тарту етілген жаңа көлік - балалар мен тәрбиешілер үшін көптен күткен сыйлық болды. Бұған дейін пайдаланылып келген көлік әбден тозып, жарамсыз күйге түскен. Балалар ауылының тәрбиеленушілері енді қажетті жерге 16 орындық шағын автобуспен қатынайтын болды.
- Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына үнемі қамқорлық танытады. Президентіміздің қолдауын ерекше сезініп келеміз. Бүгін де мекемеміз жаңа әрі жайлы автокөлікпен толығып, біз үшін үлкен мереке болып жатыр. Балалардың қуанышында шек жоқ. Осы мүмкіндікті сыйлаған жандарға шексіз алғысымызды айтамыз., — деді балалар ауылының директоры Айгүл Байбатырова.
Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шара барысында балаларға сыйлықтар үлестіріліп, мекеменің 15 қызметкеріне қаржылай сыйлық табысталды. Тосынсыйға толы кеш эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Әлемге әйгілі қазақстандық опера әншісі Сүндет Байғожин, көпшілікке хит әндерімен танымал Bytanat және жас талант Ержан Максимдер әннен шашу шашты.
Айта кетейік, Ақтаудағы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» 2005 жылы ашылған. Қазіргі таңда мұнда 30 тәрбиеші жұмыс істейді. Балалар мектепке дейінгі, мектептік және колледж деңгейінде білім алып, бос уақыттарында түрлі үйірмелерге қатысады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -