Маңғыстауда референдум басталды: барлық сайлау учаскелері есігін айқара ашты
Бүгін облыстағы сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беруге ашылды. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, тұрғындар таң сәріден дауыс беруге қатысты.
Маңғыстау облысында 435 162 адам дауыс беруге құқылы. 250 учаскеде 1 734 адам жұмыс істейтін болады.
250 учаскенің 238-і халықпен тікелей жұмыс істейді. Ал 12 жабық сайлау учаскесінде ауысым қызметкерлері, тергеу изоляторындағы тұтқындар, ауруханадағы науқастар дауыс береді.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес референдумға қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушылар қатысады. Облыста 6 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен.
Референдум кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда облыста дауыс беру құқығына ие 2 923 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Олар үшін арнайы бөлмелер дайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -