Маңғыстауда Өңірлік кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталды.
19 тамызда, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығыменөңірлік кадр резервіне іріктеу бойынша комиссия отырысы өтті. Жиында үміткерлер тың жобаларын таныстырып, комиссия мүшелерімен сұқбат құрды.
Сұхбат барысында үміткерлер индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, цифрландыру, экология және т.б салалар бойынша тың жобаларын таныстырып, іске асыру кезіндегі туындайтын мәселелерді, күтілетін нәтижелерді баяндады.
Комиссия отырысы 21 тамызға дейін жалғасады.
Айта кетсек, еліміздің барлық аймақтарында өңірлік кадрлық резервтерге іріктеудің алғашқы кезеңі 1 наурызда басталған болатын.
Маңғыстау облысы бойынша барлығы 301 кандидат құжат тапсырып, оның 294-і тестілеудің бірінші кезеңіне тіркелді. Іріктеу кезеңінің Заңнаманы білуге арналған тестілеуден 128 кандидат, олардың ішінен жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден 52 кандидат сәтті өтті. 52 кандидаттың 47-сі құзіреттерді бағалауға тіркелді. Іріктеудің төртінші кезеңіне 40 үміткер «комиссиядағы құрылымдық сұхбат» кезеңіне жолдама алған.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -