Маңғыстаудағы заңсыз құрылыспен күрес: алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды: Маңғыстау облысы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Маңғыстаудағы заңсыз құрылыспен күрес: алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Маңғыстаудағы заңсыз құрылыспен күрес: алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Маңғыстаудағы заңсыз құрылыспен күрес: алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Маңғыстаудағы заңсыз құрылыспен күрес: алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Маңғыстаудағы заңсыз құрылыспен күрес: алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Өткен жылы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті құрылыс нысандарына жоспардан тыс 55 тексеру жүргізген. Департамент қызметкерлері көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы аппарат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Заңнама және құрылыс нормаларын өрескел бұзу фактілеріне байланысты Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сотқа 35 талап-арыз беріп, оның 33-і қанағаттандырылды, қалғандары қаралып жатыр. Жалпы, өткен жылдан бері қалада сот ісін жүргізу нәтижесінде бес ғимарат бұзылған. Қалған нысандар сот шешімімен демонтаждауға кезекте тұр.

– 2023 жылы заңсыз құрылыстармен күресу шаралары қолға алынды. 6 құрылыс компаниясының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензиясы қайтарылды, тағы 5 мекеме құрылыс-монтаж жұмысына арналған лицензиясынан өз еркімен бас тартқан. Сондай-ақ 1 аккредиттелген техникалық қадағалаушы мекеменің аккредитациясының күші жойылып, 2 техникалық қадағалаушы сарапшы аттестаты 6 айға тоқтатылды. 4 коммерциялық нысанды бұзу туралы сот шешімі шығып, сонымен қатар, 4 жұмыс жобасы бойынша жеке оң сараптамалар жойылды. Жалпы сомасы 124 958 500 теңгені құрайтын 384 әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев заңсыз салынған ғимараттар қаланың сәулеттік келбетін бұзып қана қоймай, тұрғындарға қауіп төндіретінін, өйткені олар көбінесе құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып бой көтеретінін айтып өтті.

Қажетті құжаттамасыз, осы мақсаттарға бөлінбеген жер учаскесінде немесе қала құрылысы және құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып салынған объектілер заңсыз құрылыстар деп танылуы мүмкін.

– Тиісті бөлімдердің бірлескен жұмысы жалпы қала ішін рұқсатсыз құрылыстардан босатуға, сол арқылы қаланың сәулеттік келбетін сақтауға ықпал етіп жатыр. Заңсыз құрылыстармен күресу арқылы қаладағы бос аумақтарды одан әрі абаттандырып, жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға мүмкіндік туады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет, - деді Нұрлан Ноғаев.



Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Мангистауской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<!DOCTYPE html> <html> <head> <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html;charset=UTF-8"> </head> <body> <p>Өткен жылы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті құрылыс нысандарына жоспардан тыс 55 тексеру жүргізген. Департамент қызметкерлері көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы аппарат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.</p> <p>Заңнама және құрылыс нормаларын өрескел бұзу фактілеріне байланысты Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сотқа 35 талап-арыз беріп, оның 33-і қанағаттандырылды, қалғандары қаралып жатыр. Жалпы, өткен жылдан бері қалада сот ісін жүргізу нәтижесінде бес ғимарат бұзылған. Қалған нысандар сот шешімімен демонтаждауға кезекте тұр.</p> <p>– 2023 жылы заңсыз құрылыстармен күресу шаралары қолға алынды. 6 құрылыс компаниясының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензиясы қайтарылды, тағы 5 мекеме құрылыс-монтаж жұмысына арналған лицензиясынан өз еркімен бас тартқан. Сондай-ақ 1 аккредиттелген техникалық қадағалаушы мекеменің аккредитациясының күші жойылып, 2 техникалық қадағалаушы сарапшы аттестаты 6 айға тоқтатылды. 4 коммерциялық нысанды бұзу туралы сот шешімі шығып, сонымен қатар, 4 жұмыс жобасы бойынша жеке оң сараптамалар жойылды. Жалпы сомасы 124 958 500 теңгені құрайтын 384 әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали.</p> <p>Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев заңсыз салынған ғимараттар қаланың сәулеттік келбетін бұзып қана қоймай, тұрғындарға қауіп төндіретінін, өйткені олар көбінесе құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып бой көтеретінін айтып өтті.</p> <p>Қажетті құжаттамасыз, осы мақсаттарға бөлінбеген жер учаскесінде немесе қала құрылысы және құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып салынған объектілер заңсыз құрылыстар деп танылуы мүмкін.</p> <p>– Тиісті бөлімдердің бірлескен жұмысы жалпы қала ішін рұқсатсыз құрылыстардан босатуға, сол арқылы қаланың сәулеттік келбетін сақтауға ықпал етіп жатыр. Заңсыз құрылыстармен күресу арқылы қаладағы бос аумақтарды одан әрі абаттандырып, жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға мүмкіндік туады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет, - деді Нұрлан Ноғаев.</p> </body> </html>

Аймақтағы жаңалықтар