Маңғыстауда «Жылы жағажай» аумағындағы туризмді дамыту мәселесі талқыланды: Маңғыстау облысы, 25 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Маңғыстауда «Жылы жағажай» аумағындағы туризмді дамыту мәселесі талқыланды

21 маусым күні Ақтауда «Жылы жағажай» курорттық аймақты дамыту мен инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған кеңес өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков, Туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев, сондай-ақ «Бәйтерек», «Қазақстанның Даму Банкі», «KIDF» АҚ, FTG Development компаниясының басшылары мен өкілдері қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жылы жағажай» аумағындағы инвестициялық жобаларды аяқтау және «Бозжыра» шатқалы мен Кендірлі демалыс орнын дамыту мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.

2020-2021 жылдары Үкіметтің қолдауымен «Жылы жағажай» аумағында инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту нәтижесінде «Rixos Aktau» және «TetysBlu» тақырыптық ойын-сауық паркі сәтті іске асты. 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 700-ден астам жұмыс орны құрылды. Қабылданған шаралар инфрақұрылымды дамытудың ерекше маңызды екенін көрсетті, соның нәтижесінде бизнес табысты дамып жатыр. Туризм саласындағы көрсеткіштердің оң динамикасы - осының дәлелі. 2023 жылдың аяғында Маңғыстау облысына 390 332 турист келді, оның ішінде келушілердің 25%-ын Rixos (91 200 адам) қабылдады. Көрсетілген қызметтер көлемі 15 млрд теңге болды, ал бюджетке 10,8 млрд теңге салық түсті. Әуе жолаушыларының саны 2023 жылы 1 546 413 адамға жеткен, яғни 2022 жылмен салыстырғанда 100,4%-ға өскен. Теміржол желісі арқылы 1 407 172 жолаушы келген, 2022 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өскен.

– Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай. Киелі және қасиетті орындары, мәдени-тарихи ескерткіштері, тұмса табиғаты мен ұлттық дәстүрі арқылы туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірегей әлеуеті бар өлке. Туристер үшін ең танымал бағыттардың бірі - Бозжыра шатқалы мен Кендірлі демалыс аймағы. Осы орайда Мемлекет басшысы көрікті орындардың табиғи ерекшелігін сақтап, туристер үшін ашық әрі қолжетімді болуын бірнеше мәрте атап өтті. Сондықтан туристік ахуалды жақсарту және экологиялық туризмді дамыту, сонымен қатар Ақтау қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізу үшін нақты шаралар қажет. Өз кезегінде облыс әкімдігі Президенттің тапсырмасын орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Кеңейтілген кеңестің қорытындысы бойынша жақын күндері «Жылы жағажайдағы» нысандарды аяқтауға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болды.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Мангистауской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар