МАХАМБЕТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕРІКТІЛЕРІ МИНИСТРДІҢ АЛҒЫС ХАТЫН АЛДЫ
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Бейбіт күннің батырлары» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында университет еріктілеріне су тасқыны кезіндегі еңбегі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан алғыс хаттар табыс етілді. Профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, қызметкерлер мен студенттер арасынан барлығы 600-ден астам адам марапатталды.
Махамбет университетінің ректоры Н.Серғалиев су тасқынына қарсы шараларда көмек көрсеткен барлық еріктілерге ризашылығын білдірді. Ол университет ұжымының бір адамдай бірігуі туындаған қиындықтарды жеңуге және жергілікті қоғамдастықтың әл-ауқатын сақтауға көмектескенін атап өтті. Алғыс хаттардың берілуі «еріктілер еңбегі мен адалдығына деген құрмет» деді ол.
Студенттердің ата-аналарына да университет ректорының атынан елге аянбай үлес қосатын, жеріміздің ертеңі үшін тапжылмай қызмет ететін, нағыз ұлтжанды, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелегені үшін алғыс хаттар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -