Марат Ахметжанов: әлеуметтік нысандарды салуға баса назар аудару қажет
Облыс орталығы бойынша жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Сапар Вернадский көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңына барудан басталды.
Бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыс әкімінің бастамасы бойынша іске асырылатын болады. Мердігер ұйым - «Integra Construction KZ» ЖШС.
Бүгінгі таңда ЖШС өкілі Данияр Рахымтаевтың айтуынша, алаңда жер жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қажетті құрылыс материалдары жеткізілуде.
Облыс әкімі тұрғын үй сапасына ерекше назар аудара отырып, барлық жұмыстарды уақытында аяқтауды тапсырды.
«Компания біздің тапсырысымыз бойынша өз қаражаты есебінен үй салып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін ХӘОТ кезекте тұрғандар үшін пәтер беріледі», - деп атап өтті М.Ахметжанов.
Әрі қарай облыс басшысы 1-кезектегі «жаңарту» бағдарламасына жататын ескі тұрғын үйді қарап шығып, үй тұрғындарымен кездесті.
1-кезекті қайта жаңғыртуды жүргізу үшін басым учаске Астана қаласы жағынан Көкшетау қаласына кіре берістегі, Уәлиханов – Гоголь, Саин-Быковский көшелерінің квадратындағы учаске болып табылады, онда ең көп тозығы жеткен және апатты үйлер жинақы шоғырланған.
Көкшетауда жөндеу бағдарламасымен 150 тозығы жеткен үйді бұзу және оның орнына 32-ге жуық тұрғын үй салу көзделген.
Облыс әкімі үй иелерінің қоныс аудару және бұзу бойынша 100% келісімінсіз болмайды деп түсіндірді.
«Қала әкімдігіне мүдделі органдармен бірлесіп, тұрғындармен жеке тәртіпте кездесетін жұмыс комиссиясын құруды тапсырамын. Әрі қарай, қолданыстағы заңнама аясында егжей-тегжейлі қарастырайық. Біз халықтың өмір сүру жағдайын жақсартқымыз келеді, сіздерге зиян тигізбейміз», - деді облыс басшысы.
Сапар соңында Марат Ахметжанов халықтың мобильділігі төмен топтарына арналған балабақша мен Көкшетау қаласында 588 орындық мектеп-интернат құрылысының барысымен танысты.
Екі қабатты ғимараттың құрылысы аяқталу сатысында. Бүгінгі таңда аумақты абаттандыру бойынша әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімі қала әкіміне және жауапты басқармалардың басшыларына барлық нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты негізде бақылауды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -