Марат Ахметжанов: Қопа жағалауы азаматтарымыздың сүйікті орнына айналуы керек
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Қопа көлінің жағасынан Кенесары көшесіне дейінгі жол құрылысының жобасымен танысты.
Жобада инженерлік желілер, екі жақты жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы, велосипед жолы, бағдаршамдармен қиылыстарды ретке келтіру, абаттандыру жұмыстары қарастырылған. Жолдың ұзындығы шамамен 1,7 км құрайды.
Аймақ басшысы бұл нысанның қала инфрақұрылымын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.
«Біріншіден, жобаны өз қаражаты есебінен жүзеге асырудағы әлеуметтік жауапкершілігі үшін «Қазцинк» ЖШС-не алғысымды білдіргім келеді. Біз үшін ең маңызды критерий – орындалатын жұмыстың мерзімі мен сапасы. Ауа райының жағдайын ескере отырып, мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің барлық технологиясын сақтау және қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ең жақсы объект болуы керек», - деді М.Ахметжанов.
Айта кетерлігі, көл жағасы көп жылдар бойы қала тұрғындары мен қонақтарының негізгі және сүйікті демалыс орны болып қала береді. Ал жағалаудың жағдайы бос уақыт өткізуге қолайлы болуы керек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -