Масамен және шыбын-шіркеймен күрес: Астанада су айдындарын өңдеудің 4 туры аяқталды
Елордада масамен және шыбын-шіркеймен күрестің төртінші туры аясында таяз су айдындары мен сулы-батпақты жерлерді өңдеу аяқталды. Енді бүгіннен бастап ашық станцияларды өңдеу басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Астанада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда. Олар ай сайын сәуірден қыркүйекке дейін 15 күн ішінде 6 тур бойынша өткізіледі.
«Столичная дезинфекция» ЖШС 19 шілдеде 4 тур аясында жаппай өсудің алдын алу мақсатында таяз су айдындары мен сулы-батпақты жерлерді масалардың дернәсілдік формасына қарсы өңдеуді аяқтады.
22 шілдеден бастап ашық станциялардың – саябақтардың, скверлердің, көшелердің, тұрғын алаптардың 4-турын өңдеу Астана орталығынан басталады.
Дезинсекциялық шаралар тек тітіркендіргіш жәндіктердің санын азайтуға бағытталған, оларды толығымен жою мүмкін емес, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады.
Сонымен қатар, ауа райының қолайлы жағдайлары, мысалы, нөсер, өткінші жаңбыр, булану және ылғалдылық әртүрлі жәндіктердің (қоңыздар, ұсақ тарақандар, масалардың түрлері және т.б.) тез көбеюіне және таралуына ықпал етеді. Қала бойынша дезинсекциялық жұмыстың барлық қажетті шаралары, оның ішінде барлық саябақта, су айдындарындағы скверлерде өңдеу кезеңділігін ескере отырып, тұрақты негізде жүргізіледі.
Ашық станцияларда дезинсекциялық жұмыстар түнгі уақытта сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізіледі. Бұл ретте адам көп жиналатын орындарға ерекше назар аударылады.
Дезинсекциялық шаралар кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды:
- Өңделетін орындарға бармау; - Өңдеу кезінде терезелерді жабу.
Сондай-ақ, бірқатар үйде масалардың тағы бір түрі – ызылдауық маса бар. Ызылдауық маса шағатын жәндік емес. Олар көбінесе сыртқы түріне байланысты қарапайым масалармен шатастырылады. Ересек түрлері тамақтанбайды және 3-тен 7 күнге дейін өмір сүреді, көп мөлшерде үйіріліп ұшады.
Шағатын жәндіктердің санын анықтау және азайту жұмысы бақылауда және жұмыс кестесіне әрі ғылыми топ пен санэпидбақылау ұсынымдарына сәйкес жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, ПИК/МИБ/басқарушы компаниялар кіреберістер мен жертөлелерді дезинсекциялауды уақытылы жүргізуі керек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -