Мектеп жәрмеңкелері Ақмола облысының аудандарында өтуде
Ақмола облысының білім бөлімдері өз ауданының кәсіпкерлік бөлімдерімен бірлесіп мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыруды бастады.
Жәрмеңкеде кеңсе тауарлары, барлық жастағы оқушыларға арналған мектеп формасы, рюкзактар және т. б. ұсынылады.
Осы игі іске «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сату үшін кәсіпкерлердің кең ауқымы тартылуда.
Мысалы 2024 жылғы 9 тамызда Көкшетау қаласының жәрмеңкесі «С.А. Ахмадиев» ЖК, «Г. К. Досқожина» ЖК, «Тілек» ЖК, «З. Ж. Ақмолдина» ЖК, «С. А. Уртимбаев» ЖК, «Б. Ж. Сапаров» ЖК, «ТП Арман» ЖШС, «Glasman» ЖШС кәсіпкерлерінің қатысуымен Достық үйі алаңында өтті.
Астрахан ауданында аудандық кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Аталған іс - шараның бас месседжі – аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек.
Айта кетейік, акцияның 9 күнінде облыс аудандарында (қалаларында) 238 рейдтік іс-шара өткізілді, оған жұртшылық, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің (акцияға қатысушылар) ішінен 105 адам қатысты.
«Акция аясында 173 қолайсыз отбасы, 32 ойын-сауық мекемесі, 4 компьютерлік клуб, 7 саяжай шаруашылығы, 13 базар,9 теміржол вокзалдары тексерілді. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 53 кәмелетке толмағандардың, 50 қолайсыз отбасылардан шыққандығы анықталды.
Облыс бойынша материалдық көмек алғандардың жалпы саны 19 мыңнан асты, көрсетілген материалдық көмек 810,5 млн. теңгені құрады», - деп бөлісті мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Бақытжан Тұткабаева.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -