Мемлекеттік авиацияның авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 770 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы 25-бабының 3 және 5-тармақтарының және Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқару қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалардың 41-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Техникалық түзетулерден басқа, 24-тармақтың 3) тармақшасында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті авиациялық қызметі іздестіру-құтқару әуе кемелерінің қысқы және жазғы уақытта ұшып шығуы үшін уақыт аралығы айқындалған.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 30 мамырына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15051356
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -