Мемлекеттік гранттың көмегімен жетісулықтар халыққа денсаулығын нығайтуға көмектесуде
Жетісу облысында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау тек шағын және орта бизнесті дамытуға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар халықтың денсаулығын нығайтуға үлес қосып келеді. Мәселен, 5 млн. теңгелік грантты қолдаудың арқасында Талдықорған қаласы тұрғындарының бірі оңалту орталығына арналған құрал-жабдықтар сатып алса, тағы біреуі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету орталығын ашқан, - деді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Екі жыл бұрын мен 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде грант алдым. Соның арқасына балаларға арналған түзету орталығына керекті түрлі тренажерлар мен медициналық аппаратуралар сатып алдық. Орталық ашу туралы ойлағанымда, бірінші кезекте адамдарға пайдам тисе деген ой болды. Сондықтан балаларға арналған түзету орталығын ашу туралы шешім қабылдадым. Сөйтіп биылғы жылдың қыркүйек айында Талдықорғанда біздің түзету лрталығымыз, дамыту мен қосымша орталықтарымыз өз жұмыстарын бастады. Біздің қызметіміздің мақсаты – психофизикалық дамуы жағынан бұзылысы бар балаларға психологиялық-педагогикалық кешенді көмек көрсету. Біз баланың белсенді-интеллекуалды, сөйлеу, эмоционалды статусы өзгертуге көмектесеміз, бар балаға теңдей жағдай жасай отырып, оларды қатарластарымен араласуға, өз-өзіне қымет көрсетуге үйретеміз, - дейді «Балажан» жекеменшік түзету орталығының директоры Лаура Дәркенбаева.
Оның айтуынша, орталықта балалармен жүргізілетін коррекциялы-дамыту жұмыстарын педагог-психолог, дефектолог мұғалім, логопед мұғалім, сурет мұғалімі, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық жетекші сияқты дипломы бар білікті мамандар атқарады. Түзету жұмыстарының ұзақтығы әр балаға жеке белгіеніп, жеке оқу жоспары жасалады.Жалпы орталықта 15 адам жұмыс істейді.Көмекті қажет ететін адамдарға мемлекеттік грантпен ашылған жекеменшік оңалту орталығы да үлкен ықпал етуде. Өткен жылы 500-гу жуық адам осында оңалтудан өтсе, жылдың басынан бері олардың саны 700-ге жеткен. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан мен Алматы өңірлерінен келген паценттер де бар. Ал орталық қызметкерлерінің саны 2 есеге, яғни 16-дан 32-ге артты.- 2022 жылдың соңында "Бастау Бизнес" желісімен оқудан өттім, кейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның аясында өз жобамды таныстырып, 5 млн. теңге грант ұтып алдым. Осы ақшаға ресейлік "Левитас" арнайы құрылғысын, Польшадан жүру имитаторын сатып алдым. Инсульт, инфаркт алған, жол апаттарына түскен адамдар МӘМС жүйесімен қазір біздің орталықта оңалтудың толық курсынан өтуде. Заманауи озық диагностикалық құралдарымыз бар. МӘМС аясында тегін оңалтумен қатар, коммерциялық негізде қызмет көрсетеміз. Бұл ретте біздің оңалту орталығы-Талдықорғанда тәулік бойы қызмет көрсететін жалғыз орталық, - деді «Мейірім» оңалту орталығының директоры Ерасыл Еділханұлы.
Медициналық орталықта пациенттер денсаулық жағдайына қарай стационарда 10-14 күн көлемінде емделеді. Орталыққа күнделікті 60 адам қабылдай аламыз.
Орталықтағы пациенттердің бірі Төлеген Есімбеков нысан ашылғаннан бері ем қабылдап жүр. - Өткен жылы инсульт алғаннан кейін аяқ-қолым жұмыс істемей қалды. Сонда осы оңалту орталығына ем алуға келдім. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Мені аяғымнан тұрғызды деуге болады. Әр үш айда толық курстан өтемін, массаж аламын, емдік дәрі-дәрмек ішемін. Бәрі МӘМС аясында тегін. Орталықта бес рет тамақ беріледі. Мұндағы білікті мамандар әр пациентке ерекше қарайды, - дейді ақсулық зейнеткер.Орталықтың болашағы туралы айтқанда, кәсіпкер алдағы уақытта тәулігіне 24 сағат бойы үздіксіз күтімді қажет ететін ауыр жағдайдағы пациенттер үшін паллиативті төсектен сатып алу жоспары бар екенін айтады. Атап өтсек, жалпы өңірде түрлі 7 оңалту орталығы жұмыс істейді, соның 5-еуі - мемлекеттік, 2-еуі - жекеменшік, соның бірі - "Мейірім" медициналық оңалту орталығы.
Атап өтсек, бизнесті дамытудың 2022-2023 жылдарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары аясында Жетісу облысында жалпы сомасы 680 млн. теңгелік 142 жоба мақұлданды. Биыл әлеуметтік кәсіпкерлік пен "Бір ауыл - бір өнім" жобасының жеңімпаздарына мемлекеттік грант беру қарастырылған. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 170,0 млн. теңге бөлінді. Конкурс осы жылдың қараша айына өткізіледі деп жоспарланған.
Жалпы өңірде алты айда шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың саны 104,7 мың немесе 2023 жылмен салыстырғанда 95,2%. ШОБ жалпы өңірлік өнімдегі үлесі - 33,2%.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -