Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды
ТАҒАЙЫНДАУ
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Нұрбол Төлендіұлы Ботабеков Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Нұрбол Төлендіұлы Ботабеков
1989 жылы туған. Жоғары білімді. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін көлік, көлік техникасы және технологиясы, Д. Қонаев атындағы көлік құқық гуманитарлық университетін құқықтану, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жетекші маманы болып бастап, кейін бас маманы болды.
Әр жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың қаңтарынан – Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -