«МЕН КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖАТҚА БІЛЕМІН!» КОНКУРСЫ ӨТТІ: Астана қаласы, 04 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«МЕН КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖАТҚА БІЛЕМІН!» КОНКУРСЫ ӨТТІ

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Атаулы күнге орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ақылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі «Мен Конституцияны жатқа білемін!» конкурсын өткізді.

Жеңімпаз тегін оқуға мүмкіндік алды. Конкурстың мақсаты - Конституция күнін атап өту, Ата заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Конкурсқа қатысуға әртүрлі мамандықта оқитын 20-дан астам студент ниет білдірген.

Қатысушылар конкурстың алғашқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін білу деңгейін анықтау үшін 25 сұрақтан тұратын сауалға жауап берді. Ал, екінші кезеңге сүрінбей өткендер, Ата заңның баптарын жатқа айтудан жарысты. «Бұл сайысқа қатысуға көпдеген студент өтініш білдірген екен. Жастардың Конституцияны өте жақсы білетінін аңғардым.

Сайыста Ата заңға қатысты кез-келген сауалға іркілмей жауап беретіндеріне риза болдым. Үш студент өте жоғары деңгейде білімдерін көрсетіп, жеңімпаз атанды», - дейді комиссия төрағасы Айгүл Анжанов. Конкурс қортындысы бойынша 3 орынды (30 пайыз жеңілдік) «құқықтану» мамандығының оқитын Нұрсейіт Сабырғали, 2 орынды (50 пайыз жеңілдік) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Гүлназ Еркінова алды.

Ал тегін оқуға мүмкіндік беретін бас жүлдені 4 курс студенті, 2023 жылғы конкурстың жеңімпазы Жәңгір Темірханов жеңіп алды. «Мен Конституцияны жатқа білемін!» дәстүрлі конкурсы биыл 7 рет өтіп отыр. Осы уақыт аралығында ақылы бөлімде оқитын 20 дан астам студент жеңілдік алған. «Бірінші текстілеуде 19 балл алдым. Екінші кезеңде өзімінің оқыған білімді барынша көрсетуге тырыстым.

Қазылар алқасының шешімімен екінші орынға ие болдым. Оқу ақысына 50 пайыз жеңілдік алуға сертификат берді. Бұл - мен үшін, менің отбасым үшін үлкен қуаныш», - дейді жүлдегер Гүлназ Еркінова. Үміткерлерді іріктеуге Атырау облысы Әділет департаментінің маманы Айгүл Анжанова, адвокат Динара Сатайбаева және университеттің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының оқытушыларынан құралған қызылар алқасы төрелік етті.

видео

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар