МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ENACTUS KAZAKHSTAN 2024 ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ: Астана қаласы, 25 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ENACTUS KAZAKHSTAN 2024 ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге ENACTUS Kazakhstan президенті Альбина Ержанова, Жетісу университетінің ректоры Ермек Бурибаев және «Enactus Zhetysu» командасының мүшелері қатысты.

Министр студенттерді ENACTUS Ұлттық чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтап, оларға Студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогында сәттілік тілеп, халықаралық жарыстарға қатысудың құзыреттілік деңгейін арттыру және кәсіпкерлік дағдыларды дамыту үшін маңызды екенін атап өтті. Студенттердің жетістіктері олардың жеке бәсекеге қабілеттілігін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның білім мен инновация саласындағы әлеуетін әлемдік аренада ілгерілетуге септігін тигізетінін айтты.

Ведомство басшысы оқу орны үшін маңызды жаңалық Жетісу университетінің базасында Италияның Марке политехникалық университетінің филиалының ашылуына да тоқталды.

«Бүгінгі таңда әлемнің жетекші университеттері Қазақстанда өз филиалдарын ашу туралы шешім қабылдауда. Олардың кейбірі елімізде толыққанды инфрақұрылым тұрғызуды да жоспарлап отыр. Бұл – білім беру жүйесін нығайту және оның сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадам. Жақын арада сіздердің университеттеріңізде Италияның Марке политехникалық университетінің филиалы ашылатыны белгілі. Осы ынтымақтастық аясында студенттер қос дипломды оқу бағдарламаларына қатысу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ие болады», - деді министр.

Саясат Нұрбек министрліктің жоғары білім және ғылым саласындағы ауқымды реформаларды жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті. Ол Орталық Азияда ғылыми-зерттеу академиялық хабын құру жоспары туралы айтты. Бұл хаб аймақтың түкпір-түкпірінен жас ғалымдар мен зерттеушілерді тартатын маңызды платформа болады, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы академиялық және ғылыми инновациялар саласында жетекші орын алуына ықпал етеді. Министр өз сөзінде Жетісу университетінің зерттеу қызметін белсенді түрде дамытып жатқанын ерекше атап өтті.

ENACTUS Kazakhstan президенті Альбина Ержанова Қазақстан алғаш рет ENACTUS Студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогын өткізетінін жариялады. Бұл шараға әлемнің 33 елінен студенттер, кәсіпкерлер, академиялық көшбасшылар мен ірі бизнес басшылары қатысады, бұл өз кезегінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Кездесуде «Enactus Zhetysu» командасының мүшелері генетика және селекция саласындағы өз жобалары туралы баяндады. Команда «Gallus» және «Sweet Rainbow» атты екі ірі жобамен жұмыс жасауда.

«Enactus Zhetysu» мүшесі Рәна Қабылай команданың халықаралық жарыстардағы жетістіктерін атап өтіп, жұмыс нәтижелерімен бөлісті. «Біз сәуір айында өткен ENACTUS Ұлттық кубогында жеңіске жетіп, студенттік кәсіпкерлік бойынша әлем чемпионатында өз жобаларымызды таныстыруға мүмкіндік алдық. «Gallus» жобасы иммунитеті жоғары және өнімділігі жақсартылған, Қазақстанның климаттық жағдайларына жақсы бейімделген «Kazaukana» атты қара тауықтың жаңа тұқымын шығаруға бағытталған. Екінші жоба – «Sweet Rainbow», ол антиоксиданттар мен ақуыздарға бай түрлі-түсті тәтті жүгері сортын өсіруге арналған. Бұл жобалар еліміздің басты саласы – ауыл шаруашылығының маңызды мәселелерін шешуге бағытталған», - деді команда мүшесі.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар