МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК NU ПРЕЗИДЕНТІН ТАНЫСТЫРДЫ: Астана қаласы, 02 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК NU ПРЕЗИДЕНТІН ТАНЫСТЫРДЫ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек NU оқытушылары, қызметкерлері мен студенттеріне ресми түрде оқу орнының жаңа Президенті - профессор Вакар Ахмадты таныстырды.

«Профессор Вакар Ахмадтың академиялық саладағы көпжылдық тәжірибесі бар, ол Ұлыбритиания мен БАӘ-де жоғары білім мен әлеуметтік ғылымдардың дамуына елеулі үлес қосқан. Бұл - университет үшін, жалпы Қазақстан үшін жақсы таңдау деп білеміз. Қазірдің өзінде халықаралық рейтингтерде жақсы көрсеткішке ие NU-дың дамуына зор үлес қосады деп сенеміз, сондай-ақ профессор Вакар Ахмадтың келуімен NU өмірінде жаңа тарау ашылмақ. NU-дың жаңа Президенті профессор Вакар Ахмадқа табыс тілеймін», - деді министр жиында.

Times Higher Education рейтингі бойынша әлемнің ең мықты университеттерінің 30%-на кіретін жоғары оқу орнына президент таңдау шамамен бір жылға созылды, осы уақыт ішінде 2 мыңға жуық өтініш сараланды. Маман таңдау мақсатында университтің Қамқоршылар кеңесі, Басқарушы кеңес мүшелері, декандар, профессор-оқытушылар құрамы өкілдері, ғылыми қауымдастық және медициналық кластерінен тұратын комиссия құрылды. Студенттермен, түлектермен, оқытушылармен, мектеп декандарымен кездесулер өткізілді.

«Мені NU президенті ретінде таңдағанына қуаныштымын. Іріктеу өте мұқият өтті, бәсеке де жоғары болды деуге болды. NU-дың Маман іздеу комитетіне, Қамқоршылық кеңесіне және Жоғары қамқоршылық кеңесіне университет дамуының келесі кезеңін маған сеніп тапсырғаны үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар мен президенттің міндетін атқарған профессор Илесанми Адесида мырзаға іріктеу кезінде осы қызметті бірге алып жүргені үшін рақмет айтамын», - деді профессор Вакар Ахмад.

Қазақстанға келгенше профессор Вакар Ахмад жеті жылға жуық Абу-Даби университетінің ректоры болып жұмыс істеді. Ол жерде профессор NU-дың ғалымдарымен бірге жұмыс істеп көрген, сол кезде олардың ғылыми жұмыстарының нәтижелеріне таңғалып, қазақстандық университтің академиялық тәуелсіздігін байқаған. «NU тек қана Орталық Азияда емес, сондай-ақ әлем бойынша үздік университтердің бірі атануға ұмтылуы тиіс. Бұл өңірдегі жоғары білімнің дамуына жол ашып, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қоспақ. Мен осы елдің университет турасындағы мақсатын жүзеге асыру үшін оқу орны қауымдстығы және мүдделі тараптармен бірлесіп жұмыс істеуге ниеттімін», - деді жаңа президент.

Профессор Вакар Ахмадтың академиялық ортадағы жұмыс өтілі мол. Ол Брэдфорд университетінде PhD доктор дәрежесін алған, кейіннен Йорк университетінде және Лондон университеттік колледжінде профессор болып жұмыс істеді. Сондай-ақ профессор Вакар Ахмад Миддлсекс университінің проректоры, Ұлыбритания Премьер-Министрі кеңсесінің Ғылым департаментінің басшысы қызметтерінде болған. Ол беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам зерттеу жұмыстарының авторы.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар