Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша семинар өткізілді
«QazExpoCongress»ҰК» АҚ алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы мен «КазСтандарт» РМК қызметкерлері қатысты.
Оқыту барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің офицері Асан Айдарханов қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі реформалармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмыстарымен таныстырды.
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын құрылымдық бөлімшелер не сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын жауапты тұлға айқындалады. Атап айту керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты елімізде 2020 жылдан бері жұмыс істейді», — деп түсіндірді Асан Айдарханов.
Әдеп жөніндегі уәкіл Әзиза Нұрпейісованың айтуынша, министрлік тұрақты түрде түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізеді. Жыл басынан бастап орталық аппараттың, аумақтық департаменттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері оқудан өтті.
Оқыту қорытындысы бойынша компаниялардың комплаенс-офицерлері өзекті тақырыптар бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға және комплаенс-қызметтің қызметі туралы өз пікірлерін айтуға мүмкіндік алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -