Моноқалаларды дамыту: қала құраушы кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары ашылады
Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өндірістік қуаттылықты ұлғайтуға мүдделі кәсіпорындарға қолдау көрсетілуде.
«ЕвроХим» компаниясы Сарысу ауданында бірегей химиялық кешен салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруда. Инвестицияның жалпы көлемі 1 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Жылына кемінде 1 млн.тонна минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіп өнімдерін шығару жоспарланған.
Келесі жылы қуаттылығы жылына 880 мың тонна күкірт қышқылы өндірісі іске қосылады.
Минералды тыңайтқыштар өндірісі 2026 жылы жұмысын бастайды.
Құрылыс кезеңінде 2 000 адамға дейін еңбек етеді, іске қосылғаннан кейін кемінде 1 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ сервистік ұйымдарда аутсорсинг бойынша 500 жұмыс орны пайда болады.
Айта кетейік, бірінші кезең бойынша инвестор 740 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешенін пайдалануға берді.
Талас ауданында «Talas Investment Company» ЖШС-ның қуаттылығы 30 мың тоннаға дейін ұлғаятын натрий цианидін өндіретін зауытының екінші кезеңі іске асуда.
Бүгінде зауытта 600-ге жуық адам жұмыс істейді, тағы 300 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Барлық жобалар бойынша жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев пен компания өкілдерінің кездесулері барысында ірі зауыттар базасында шағын бизнес кәсіпорындарын құру жөніндегі жобалар талқыланады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -