Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Аmanat» партиясы өңірлік филиалының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, спорт және экология саласына қатысты түйткілдерді көтерді. Өзге де бағыттар бойынша сұрақтарын қойды.
Ербол Қарашөкеев азаматтардың өтініш-тілектеріне заң талаптарына сәйкес жауап берді. Жауаптыларға барлық сауалды жіті зерделеуді, кезек күттірмейтін мәселелер бойынша оңтайлы шешім қабылдауды тапсырды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 айында облыс әкімі 32 қабылдау өткізіп, 500-ге жуық азаматты алаңдатқан мәселеге құлақ асты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -