Құмсайда құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарына кірісті
Темір ауданы бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Саркөл ауылдық округіне қарасты Құмсай ауылы – зардап шеккен ауылдар қатарында. Аудан әкімдігінің құрылыс кезеңдері бойынша мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда 21 үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде 21 үйдің қабырғасы қаланып, 16 үйдің шатыры жабылып, ал 3 үйдің ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы, Құмсай ауылында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен 2 мердігер компания айналысуда.
Қазіргі уақытта бой көтерген баспаналардың іші сырланып, әктеліп жатыр. Әр бөлмеге есік, терезелері салынып, жуынатын бөлмелердің жабдықтары орнатылуда.
Құрылыс нысандарына материалдар уақытылы жеткізіліп отыр.
Барлық құрылыс жұмыстары биылғы жылдың 1 тамызына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Темір ауданының су тасқынынан зардап шеккен 36 отбасына қайталама нарықта дайын үйлер сатып алынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -