Нұра ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті салынады
Нысан «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтермек. Құрылысы биыл Нұра ауылының тұрғындары көшірілетін Сарыобада басталады.
Қазіргі таңда фельдшерлік-акушерлік пунктінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылысқа деп бөлінген жер телімінің құқығы Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасына тіркелді.
Нысанды «МКК-«Элит Строй» ЖШС салады.
Сондай-ақ, Сарыобада мектеп салу мәселесі де шешілді. Күні кеше 60 орындық білім ордасының қазығы қағылды. «Қуанышбек» компаниясы жыл соңына дейін құрылысты аяқтауға уәде беріп отыр. Бағытталған қаржы - 505 млн теңгеден асады.
Сарыобаны инфрақұрылыммен қамту мәселесі толығымен шешілді. Бүгінгі күні жобалаушы мекеме жұмыстарды бастап кетті. Көгілдір отын ауылға Нұраға дейін газ келіп тұрған құбырмен жеткізіледі. Электр қуатымен жабдықтау мәселесі болса, 35 кВт қосалқы станция салумен шешілмек. Ал ауызсу Нұра елді мекеніндегі бұрынғы көтерме сорғы арқылы тартылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -