Нұрдәулет Қилыбай: Ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі жастар үшін аса құнды
Бүгін, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір ақсақалдарымен кездесті. Басқосуда елдік мәселелер көтеріліп, ұрпақтар сабақтастығы және дәстүр маңыздылығы сөз болды.
Кездесуде аға буын өкілдері өңірдің өркендеуіне ықпал ететін кеңестерімен бөлісті.
Аймақ басшысы ақсақалдардың қоғамдағы рөліне тоқталып, олардың даналығы мен өмірлік тәжірибесі қазіргі және келешек ұрпақ үшін аса құнды екенін атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы береке мен бірліктің ырыс болатынын айтып, ақсақалдар мен қызметтегі азаматтар арасындағы байланыс байыпты түрде жалғасын табатынына сенім білдірді.
- «Ақсақалдың ақылы — елге қорған» деп айтқандайын ауыл үлкендерінің сөзі мен өмірлік тәжірибесі біздер үшін өнеге. Сіздердің жасап кеткен жұмыстарыңыздың жалғаушысы біздерміз. Сондықтан, елдік мәселелерді шешуде сіздірдің ақыл кеңестеріңіз бізге қажет -деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -