Нұрдәулет Қилыбай бюджет қаржысының сапалы және уақытылы игерілуін тапсырды
Бүгін, 16 шілде күні аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында 2024 жылғы қаңтар-маусым айындағы жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы баяндалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Маңғыстау облысының жергілікті бюджет түсімдері 154 млрд теңгеге немесе жоспардан 64 млрд теңгеге асыра орындалды. Қаржы басқармасының басшысы Светлана Нарешованың мәлімдеуінше, артық орындалған сома салықтық түсімдерге тиесілі, оның ішінде жеке табыс, әлеуметтік, мүлік, корпоративтік табыс және көлік салықтары.- Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 25 млрд теңге немесе 19,4%-ды құрады. Жергілікті бюджеттің меншікті түсімдерінің жыл сайынғы өсу қарқыны орта есеппен 20%-ды құрап отыр. Өсу қарқынын ескере отырып, ағымдағы жылдың қорытындысымен түсімдер жоспары 309 млрд теңге көлемінде орындалады деп болжануда. Бұл қазіргі таңдағы жоспардың 17%-ға артық орындалуын қамтамасыз етеді, - деді Светлана Нарешова.Облыс бойынша бюджет шығыстары 99,7%-ға орындалды, оның ішінде, жергілікті бюджет – 99,9%, республикалық бюджет – 98,6%.Сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері бойынша игерілмеген қаражат 417 млн теңге келесі жобалар бойынша қалыптасты:- Ақтау қаласының Өмірзақ ауылында жаңа тұрғын үйлерге инженерлік желілер (газбен қамту) құрылысы – 300 млн теңге;- Үкімет резервінен қаражат түспеуіне байланысты «Денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан Шетпе, Құрық, Тәжен ауылдарындағы медициналық пункттердің құрылысы бойынша қаржы игерілмеді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай түсімдердің орындалуына жауапты уәкілетті органдар мен аудан, қала әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдап, межеленген жоспардың орындалуын қамтамасыз етіп, бюджет қаржысының сапалы және уақытылы игерілуін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -