Нұрдәулет Қилыбай ҚХР Қазақстанның батыс өңіріндегі Бас консулын қабылдады
22 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай Ақтөбе қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас конкулдығының Бірінші басшысы Го Юймен кездесті.
Ресми кездесу барысында екі тарап өзара қатынастар мен экономика, логистика, туризм, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Өңір басшысы Маңғыстау облысы мен Қытай арасындағы сауда-саттық, экономиикалық ынтымақтастық тұрақты түрде дамып кележатқанын айтты. Маңғыстау облысында Қытай кәсіпкерлерінің қатысуымен 61 бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Маңғыстау облысының бұл елмен сыртқы сауда айналымы 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 34,7 млн АҚШ долларын құраған.
Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Қытайдың инвестициялық қауымдастығын туризм саласына, ауыл шаруашылығындағы түйе сүтін өңдеу кәсібіне қатысуға шақырды.
«Маңғыстау өңірінде түйе шаруашылығының болашағы жарқын. Өнім табиғи таза, ағзаға өте пайдалы. Жергілікті түйе сүтін өңдеп, экспортқа шығару тиімді жоба деп санаймыз. Туризмді дамыту саласын да тың жобалар бар. Біз өз тарапымыздан жобаларды сүйемелдеуде жан-жақты көмек пен қолдауға кепілдік береміз. Бүгінгі кездесу біздің өзара мүдделерімізді жақындастыруға және кеңейтуге бағытталған маңызды қадам деп санаймын», - деді өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -