Нұрдәулет Қилыбай Үкімет отырысында жұмысшы кадрларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды.
Жиында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмысшы кадрларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Маңғыстау облысында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу туралы іс-шаралар жоспары бекітіліп, өңірлік штаб өз жұмысын бастады.
Жоспарда 2025-2026 жылдары колледждерде оқу-зертханалық ғимарат ашу, халықаралық салалық аккредиттеуден өту, «DostiSkills-2025» халықаралық салалық чемпионатын өткізу, жаңа идеялар хакатонын өткізу, ІТ хаб ашу, жұмыс беруші қаражаты есебінен құзыреттік орталықтарын ашу, жұмыс берушілердің нақты тапсырысы бойынша мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту, 2 жаңа мамандық ашу іс-шараларды өткізу қамтылған.
Бұл жұмыстарға бюджеттен 142 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған.
Нысаналы қаржыландыру шеңберінде Есенов атындағы университет 2024, 2025 жылдарға Маңғыстау облысының жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер атласы жұмыстарын жалғастыруда.
Осы жылға құрылыс, энергетика, логистика салаларына басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда осы Атласқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша микробіліктіліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
2024-2025 оқу жылына 65 мамандықтың 92 біліктілігі бойынша 5615 орынға (90%) мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде 70 жұмыс беруші мен колледж арасында келісім-шарт негізінде нақты сұранысына сәйкес мемлекеттік білім беру грантына 580 студент қабылданды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -