Әуе апатының салдарын жою барысында жоғары кәсібилігін көрсеткен азаматтар марапатталды
Бүгін, 6 қаңтар күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев Баку–Грозный бағытында апатқа ұшыраған ұшақтың салдарын жою барысында көрсеткен жоғары біліктілігі үшін бірқатар азаматтарды облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың алғыс хатымен марапаттады.
Марапатталғандардың қатарында денсаулық сақтау саласының мамандары, көлік жүргізушілер, мұнайшылар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен БАҚ саласының мамандары бар.
- Баку–Грозный әуе кемесінің апаты – бәріміз үшін қиын сынақ болды. Дегенмен, Маңғыстау азаматтары бұл сәтте ауызбіршілігі мен азаматтық парызын жоғары деңгейде көрсете білді. Қиын жағдайда күндіз-түні тыным таппай, қолдау көрсеткен жүргізушілер, зардап шеккендерге қажетті көмек ұйымдастырғандар, ресми ақпарат таратқан БАҚ өкілдері және зардап шеккендердің жақындарын тегін орналастыруды қамтамасыз еткен жомарт жандар – баршаңыздың еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз, – деді Тілеген Әбішев.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -