Нұрдәулет Қилыбай «Каспий» су тұшыту зауытындағы жаңа қондырғыларды іске қосу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Маңғыстаудағы ауызсу тапшылығын шешуге "Каспий" су тұшыту зауыты да үлес қоспақ. Зауыт қуатын тәулігіне 20 мыңнан 40 мың текше метрге дейін ұлғайту жобасы аяқталуға жақын, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда зауытқа су өндірісін екі есе арттыратын жаңа бес қондырғы жеткізілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып қалды және қосымша іске қосу жұмыстары басталды. Шілденің соңында тестілік режимде бірінші қондырғы іске қосылмақ. Ал тамызда қалған қондырғыны кезең-кезеңімен қосу жоспарлануда.
Бүгін, 15 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай аталған жұмыстарды көріп, зауыт басшыларына жаңа қондырғыларды іске қосу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -