Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстауда тіркелген ірі компаниялар табысын халықпен бөлісуі керек: Маңғыстау облысы, 05 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстауда тіркелген ірі компаниялар табысын халықпен бөлісуі керек

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында Маңғыстауда тіркелген жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді дамытудағы міндеттемелері талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс бойынша жер қойнауын пайдаланушы 208 компания бар. Олардың ішінде кең таралған пайдалы қазбалармен айналысатын компаниялар саны 152, ал мұнай компаниялары – 56.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы МаринаАльбекованың айтуынша, өңірдегі екі мұнай компаниясымен ғана өнімді бөлу туралы келісім (СРП) бар.

- NСОС компаниясының әлеуметтік міндеттемесінің жылдық көлемі – 25 млн доллар. Олар облыс бойынша әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын жүргізеді. Соңғы 3 жылда 5 нысан тапсырды. Ал Дунга мекемесінің әлеуметтік міндеттемелердің жылдық көлемі – 1 млн доллар. Компанияның мүмкіндігіне қарай әлеуметтік міндеттемелердің бағыты ол –құрал-жабдықтарды сатып алу және жеткізу. Соңғы 3 жылда 5 денсаулық сақтау ұйымына 30 бірлік аппарат тапсырылды. Жалпы осы компанияның әлеуметтік міндеттемелерінің жылдық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар, - деді Марина Альбекова.

Сондай-ақ, 24 компания келісімшарт бойынша өндірістің бір пайызы мөлшеріндегі қаражатты бюджетке аударады. Жалпы компаниялардан міндеттемелер бойынша жергілікті бюджетке түсетін аударымдар арнайы мақсатқа бағытталмайды және жыл сайын бюджетті бекіту барысында шығыстардың көлеміне қарай жоспарланып отырады.

Сонымен қатар, жер қатынастар басқармасы пайдалы қазбаны өндірушілермен жасалған келісім-шарттардың орындалысын арнайы ақпараттық жүйе арқылы қадағалай алады.

Аппараттық отырысты қорытындылаған аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай мұнай компаниялары әлеуметтік міндеттемелерінен бөлек демеушілік көмекке көңіл бөлу керектігін баса айтты.

- Облыстағы аталған 56 мекеменің дамуына, өркендеуіне ешқандай қарсылығымыз жоқ. Бірақ осы өңірде жұмыс істеп отырғандықтан, табысын халыққа да бөлу керек. Барлығын бірдей бюджетке іліп қоюға болмайды. Тұрғындарға жетіспейтін нәрсе көп. Сондықтан ірі мекемелер, шетелдік үлесі бар мекемелер өзінің табыс көзіне сәйкес халыққа аз да болса бөліп беріп отыруы тиіс. Біз өз тарапымыздан әкімшілік көмектерді көрсетеміз,- деді Нұрдәулет Қилыбай.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Мангистауской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар