Нұрдәулет Қилыбай Таушық ауылының жай-күйімен танысты
20 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылына барды. Бірқатар әлеуметтік нысандырды аралап, ауыл ақсақалдарымен кездесті.
Алдымен өңір басшысы Таушық ауылынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан «Төрорпа» жеріндегі су айдау ұңғымасының жұмысымен танысты. Ұңғыма 2022 жылы демеушілердің көмегімен қазылған. Бүгінде жер асты су айдау насосы арқылы тұрғын үйлерге үздіксіз су беріліп отыр. Ауыл тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтылған .
Бұдан соң облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Әбіш Кекілбайұлы білім алған Шахта мектебіне барып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен танысты. Білім ордасы білім сапасын көтеруді көздейтін «Отпан» жобасы аясында орташа жөндеуден өткен. Мектеп жаңа оқу жылына дайын. Алдағы жылдары толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Нұрдәулет Игілікұлы Таушықтағы 10 төсектік ауылдық амбулаториясына және спорт кешеніне де барды. Қазіргі таңда спорт кешенде шағын футбол алаңы, баскетбол, волейбол алаңдары мен күрес залы орналасқан, 2 ші қабатта садақ ату, кикбоксинг және бокс залдары жасақталған. Балалардың оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге толықтай жағдай жасалған.Ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралаған Нұрдәулет Қилыбай білім беру, денсаулық сақтау саласында кезек күттірмейтін мәселелерді жүйелі түрде шешу керектігін айтты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай біз өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағындағы жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Ауылға қажетті жедел-жәрдем көлігі кезек күттірмейтін мәселе. Шұғыл назарға алыңыздар. Шахта мектебінің аумағына спорт алаңын салу және мектепке күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасын жеделдетіп дайындау керек, -деді Нұрдәулет Қилыбай.
Облыс әкімінің Түпқараған ауданына жұмыс сапары ауыл ақсақалдарымен кездесумен жалғасты. Жиында ауыл үлкендері елдік мәселелерді талқылап, ұсыныстарын білдірді. Ел игілігі жолында қызмет атқарып жүрген азаматтарға сәттілік тілеп, батасын берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -