Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтілуде
Биыл үш жүзге аты мәлім болған, ұлы Абайдың әкесі, қажы, «Дала данышпаны» атанған қайраткер, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл. Мерейтойға орай Абай жұртшылығының бастамасымен, іскер азаматтар қаржылық қолдау жасап, Қарауылда Құнанбай қажы мешіті салынып, сәулетті ескерткіш тұрғызылды.
Бүгінде қасиетті Абай елінде Құнанбай баба рухына айтулы ас берілуде. Республикалық қөлөнершілер байқауы, ат бәйгесі мен ұлттық күрестен дүбірлі сайыстар ұйымдастырылуда. Қарауылда ақындар Құнанбайына арналған өлең-жырларын оқыса, көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер Семейде бас қосып, халықаралық деңгейде Құнанбайды барынша ұлықтауда.
«Бұл тойдың ерекшелігі – 500 баланың бір уақытта ашамайға отырып, жеңімпаздарға жүлде қорлары қазақы дәстүрмен «үйірімен үш тоғыз» болып берілуінде. Ендеше, осынау мерейлі күні қасиетті Абай елінде ұлылар рухына тағзым етіп, дала данышпаны Құнанбай бабаға құрмет пен қошемет көрсету – баршамыздың адамшылық борышымыз деп білеміз» - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев.
Сонымен қатар, мерейтой барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың мерекеге арнаған автобус көлігін 50 жылдық тарихы бар «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ұжымына табыс етілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -