Наурызбай ауданында екі жаңа емхана салынады
Қала басшысы Ерболат Досаев Алматының Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде ауданда екі жаңа емхана мен дәрігерлік амбулатория салынатынын хабарлады.Наурызбай ауданының тұрғындарына қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін Құрамыс және Шұғыла ш/а-да екі жаңа емхана салу жоспарлануда. Әрбір медициналық мекеме 500 келушіге арналған. Жобалардың жалпы құны 16,5 млрд. теңге.Сондай-ақ, Ақжар ш/а 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған, оның жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге.2024 жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың шығуы күтілуде, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін, 2025 жылдың 1 тоқсанына белгіленді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -